Еркін Нұразхан: Шынайы карикатурашылардың аздығы қынжылтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еркін Нұразхан: Шынайы карикатурашылардың аздығы қынжылтады

27.02.2015
Еркін Нұразхан: Шынайы карикатурашылардың аздығы қынжылтады

Қазақ халқының карикатура өнері Шоқан Уәлихановтан басталады. Оның көптеген графикалық суреттері уытты әзілге, қуақы күлкіге құрылған. Қазір осы бағытта еңбектеніп жүрген жанның бірі – Еркін Нұразхан.

«Карикатура өнері халық арасына тез таралатын, халық тез түсінетін, халық пен билік арасындағы қарым-қатынасты, қоғамдағы кемшілік атаулыны аз ғана сызықпен көрсете алатын өнер»,-дейді суретші.

Бір адамның карикатуралық портреті – шарж. Мұнда кейіпкердің мінезін ашып беретін белгілі бір сипаты әдейі әсіреленіп суреттеледі.

«Қазір көп жұмыс компьютердің, дизайнерлердің қолында. Компьютердің әрине, жақсы жағы да бар. Себебі, бүгінде газет-журналдардың қаріптері мен үлгісі жақсарды. Бірақ, қолмен салынатын суреттердің азайғаны қынжылтады»,-дейді Еркін Нұразхан.

Карикатурашының суреттерімен жақынырақ «Таңшолпаннан» таныса аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу