Мүсіндеменің ерекшелігі – жасалу тәсілі мен пайдаланатын шикізатына байланысты болады.
Мүсін өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар Болат Сапарұлының осы салада жүргеніне 50 жылдан асқан. Бала күнінен суретке деген ерекше қабілетін қазақтың тұңғыш мүсіншісі Хәкімжан Наурызбаев байқап, осы салада білім алуына кеңес береді.
Хирург болуды армандаған бозбала білікті маманның сөзіне құлақ асып, мүсін өнеріне келеді. Міне, содан бері Болат Сапарұлы бос уақытын шеберханада өткізеді.
«Шеберханада мүсіннің тек үлгісін жасау ыңғайлы. Жұмыстарымның ішіндегі ең үлкені Петропавл қаласындағы Қарасай Ағынтай батырдың ескерткіші және Астанадағы Республика көшесінде орналасқан Абай ескерткіші»,-дейді шебер.
Болат Сапарұлы шығармашылықпен қатар, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында академиялық сурет сабағынан дәріс береді. 45 жылдан бері шәкірт тәрбиелеген мүсіншіні осы саланы таңдаған жастардың көбеюі қуантады.
Толығырақ «Таңшолпанда».