АIBA вице-президенті және Азия конфедерациясының президенті Серік Қонақбаев қазақстандық боксшылар Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарында кемінде 1 алтын медаль олжалауы тиіс, деп есептейді.
«Біз қазір әлемдегі бокс державаларының біріміз. Сондықтан, біз Олимпиадаға берілетін барлық он жолдаманы алуымыз керек. Баршаға аян, қазіргі уақытта бокс әлемде қарыштап дамып жатыр. Ресей, Украина, Куба сынды елдерді де ұмытпауымыз қажет. Меніңше, Олимпиада ойындарында біздің боксшылардың төртеуі жартылай финалда, екеуі финалда өнер көрсетеді. Ары қарай сәттілікке байланысты. Бірақ, міндетті түрде бір алтын аламыз. Екі алтын алып жатсақ, тіпті керемет болар еді»,- дейді ол.