«Таңшолпанда» - Таңат Нөсербаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - Таңат Нөсербаев

26.02.2015
«Таңшолпанда» - Таңат Нөсербаев

1 наурыз күні Қазақстан Суперкубогы үшін ойындар басталады.  «Астана» мен «Қайрат» командалары  алаңға шығып, намысқа тырыспақ. Осы тақырып аясында әңгіме өрбіту үшін футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншысы, «Астана» футбол клубының капитаны, шабуылшы  Таңат Нөсербаев бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды.

«Бұл осы маусымдағы алғашқы ойын. Астана мен Алматы қаласының басты командалары сынға түсетіндіктен, бұл матч аса жауапты матч»,-дейді спортшы.

«Мен бұл спортқа бала кезден қызықтым. Ал, мұнда түбегейлі келуіме әкем, ағаларым түрткі болды.  Алғашқы кездері шетелдік командалардың ойыншыларын үлгі тұттым. Кейін келе өзіміздің елдің «Ордабасы», «Достық» командаларының ойындарына бардым».

«Чемпиондар лигасының финалы биыл Берлинде өтеді. Сол ойынға суперкубокқа келген жанкүйерлер арасында жолдама ойнатылады. Кез келген жанкүйердің бұл жолдаманы ұтып алуына мүмкіндік бар»,-дейді Таңат Нөсербаев.

Сұхбатты толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу