Батагөй қариялар бар ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батагөй қариялар бар ма?

25.02.2015
Батагөй қариялар бар ма?

Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастархан басында, түрлі жиын-тойларда, басқа да  адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді.

Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін қазақтың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де аузы дуалы билер болып келеді.

Ал, бүгінде батагөй қариялар бар ма? Кейінгі кездері жиын-тойларда екі сөздің басын қоса алмайтын қарттар да кездесіп жатады?

Бүгінгі «Айтуға оңай» осы тақырыпқа арналады? Ұлттық арнадан 21.05-те көріңіз.

Хабарламаларға жазылу