Тынық мұхит маңайында қуатты жер сілкінісі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тынық мұхит маңайында қуатты жер сілкінісі болды

22.02.2015
Тынық мұхит маңайында қуатты жер сілкінісі болды

Тынық мұхитының оңтүстік-батыс бөлігінде бірінен соң бірі екі қуатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Австралияның геология қызметі.

Жаңа Гвинея аралы маңында теңіз түбінде болған жер сілкінісінің магнитудасы 5,5. Оның кіндігі Папуа-Жаңа Гвинея жағалауынан шығысқа қарай 50 шақырымда, тереңдігі 198 шақырым жерде болған.

Осыдан кейін, 9 минуттан соң магнитудасы 5,1 жер сілкінісі Соломон аралдары тұсында болды. Оның кіндігі 60 шақырым тереңдікте жатыр. Зілзала ошағы Соломон аралдарының астанасы Хониарадан батысқа қарай шамамен 150 шақырым жерде. Аймақта цунами қаупі жоқ.

Хабарламаларға жазылу