Жамбыл облысында «Жеңіске тағзым» пойызы жолға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында «Жеңіске тағзым» пойызы жолға шықты

21.02.2015
Жамбыл облысында «Жеңіске тағзым» пойызы жолға шықты

Жамбыл станциясынан  Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге арналған «Жеңіске тағзым!» пойызы жолға шықты.

Жеңіс пойызы білікті дәрігерлер, әлеуметтік және мәдениет саласы қызметкерлерінен жасақталған. Сондай-ақ, азық-түлік тиелген вагондар  бар.

Пойызды жолға шығарып салу салтанатына Жамбыл жол бөлімшесінің ұжымы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы және Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтық филиалының өкілдері қатысты.

«Жеңіске тағзым!» экипажы «Жамбыл-Бурное-Жаңатас», «Жамбыл- Шу-Шығанақ-Отар» бағытында 50-ге жуық станцияға аялдайды.  

Сапар аясында екі мыңға жуық майдангер мен еңбек ардагерлеріне медициналық, материалдық көмектер көрсетілмек. 

 

 

Хабарламаларға жазылу