Аңсаған Мұстафаның арманы орындалған күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аңсаған Мұстафаның арманы орындалған күн

20.02.2015
Аңсаған Мұстафаның арманы орындалған күн

Аңсаған Мұстафа − қазақтың санаулы иллюстраторларының бірі. Ол –  әлеуметтік тақырыпта сурет салып, әр туындысын сөйлете білген шебер. Сурет саларда екі негізгі түс – ақ пен қараны ғана пайдаланатын суретші «Мен үшін суреттің түсі маңызды емес, маңыздысы – көрерменге ой салу», дейді.

Бүгінде ең көп тараған туындыларының бірі – «Мамам мені өлтіретін шығар...». Тіпті, бұл сурет әлемнің бірнеше тілдеріне де аударылған. Ерекше туындыларымен жұртты  таңқалдырып жүрген суретшіге  бүгін «Шын жүректен!» бағдарламасы тосынсый жасайды.

Ұлттық арнадан сағат 21.50-де көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу