Аңсаған Мұстафа − қазақтың санаулы иллюстраторларының бірі. Ол – әлеуметтік тақырыпта сурет салып, әр туындысын сөйлете білген шебер. Сурет саларда екі негізгі түс – ақ пен қараны ғана пайдаланатын суретші «Мен үшін суреттің түсі маңызды емес, маңыздысы – көрерменге ой салу», дейді.
Бүгінде ең көп тараған туындыларының бірі – «Мамам мені өлтіретін шығар...». Тіпті, бұл сурет әлемнің бірнеше тілдеріне де аударылған. Ерекше туындыларымен жұртты таңқалдырып жүрген суретшіге бүгін «Шын жүректен!» бағдарламасы тосынсый жасайды.
Ұлттық арнадан сағат 21.50-де көре аласыздар.