«Қазақстан дауысы» байқауының екінші маусымдағы жеңімпазы - Бауыржан Ретбаев (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан дауысы» байқауының екінші маусымдағы жеңімпазы - Бауыржан Ретбаев (ВИДЕО)

15.02.2015
«Қазақстан дауысы» байқауының  екінші маусымдағы жеңімпазы - Бауыржан Ретбаев (ВИДЕО)

«Қазақстан дауысы» байқауында көрермендердің ерекше қолдауына ие болып келген үміткер Бауыржан Ретбаев туралы жобадағы әріптестері  «Талантты әнші, жобадағы  ең мықты үміткерлердің бірі», деген пікірлерін білдірді.

Ал, тәлімгері Алмас Кішкенбаев оның өнерімен мақтанатынын айтты.

Ол байқаудың соңғы кезеңінде «Сен мұңыңды бер маған» (Ш.Сариев, К.Абдуллина) әнін орындап, екінші маусым жеңімпазы атанды.

Жеңімпазға бас жүлде - 5 миллион теңге табысталды.

Өнерпазбен сұхбатты ертең Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасынан тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу