Қызылордада бокстан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған турнир өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада бокстан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған турнир өтеді

15.02.2015
Қызылордада бокстан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған   турнир өтеді

23-28  ақпан аралығында  Қызылордадағы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған  жас былғары қолғап шеберлерінің республикалық турнирі өтеді.

Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Турнирде 10 салмақ дәрежесі бойынша  200-ге жуық спортшы шаршы алаңға шықпақ.

Жарыстың салтанатты ашылуы 23 ақпан күні, сағат 13.30-да «Евразия» спорт кешенінде  өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу