18 ақпаннан бастап, Алматыдағы «Вернисаж» көрме залында қазақстандық жас кескіндемешілердің көрмесі өтеді.
Мәдени шара 10 күнге жалғасады.
Көрмеге Карина Крылова, Абдурахмен Тұрғын, Айбек Молдакәрімов, Бұлбұл Айт, Жанель Ахметова, Алмаз Жұмағалиев, Гафура Қайырбекова, Нұрлан Сатаев және Нұргүл Сатанның туындылары қойылмақ.
Жас авторлар жұмыстары арқылы Ресей, Солтүстік Кипр, Италия, Чехия, Франция сынды алыс-жақын шетелдер мен қалалар бейнесін жеткізуге тырысқан.
Шара аясында көрме қатысушыларына шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.