Астанада Қазақстанның ішкі туризміне қатысты конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қазақстанның ішкі туризміне қатысты конференция өтеді

14.02.2015
Астанада Қазақстанның ішкі туризміне қатысты конференция өтеді

17 ақпан күні Астанада «Қазақстанның ішкі туризмінің ресурстары, әлеуеті мен даму жолдары» атты республикалық конференция өтеді. Шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Жасыл экономиканы» қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясымен бірлесе отырып, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен өткізбекші.

Іс-шараның басты мақсаты – EXPO-2017 көрмесін өткізу аясында ішкі туризмнің қарқынды дамуы үшін мемлекеттің, бизнестің және азаматтық қоғамның әлеуетін біріктіру.

Конференция аясында Қазақстанның туристік саласындағы көкейкесті мәселелері, ішкі туризм мен эко-туризмді дамыту үшін ұсыныстар әзірлеу, қонақүй мен туристік бизнес үшін ең жақсы идеялар бойынша конкурс жариялау, ең жақсы туристік жол бағдар бойынша конкурс жариялау және т.б. тақырыптар қамтылады.

Конференция жұмысына Қазақстанның әр аймағынан 70-тен астас адам қатысады. Олардың арасында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, ҰКП жергілікті өкілдіктері, бизнес өкілдері, халықаралық және отандық сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ пен басқа да мүдделі жақтар бар.

Конференция барысында қатысушылар арасында бірнеше меморандумға қол қойылып, Қазақстанның ішкі туризмін дамытудың біртұтас алгоритмі әзірленеді деп күтілуде.

Хабарламаларға жазылу