Оралда ақын Аманкелді Шахиннің шығармашылық кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда ақын Аманкелді Шахиннің шығармашылық кеші өтті

14.02.2015
Оралда ақын Аманкелді Шахиннің шығармашылық кеші өтті

Оралда ақын, сатирик, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Аманкелді Шахиннің «Жүрек қылын шертеді...» атты шығармашылық кеші өтті.

Кеште ақынның өлеңдері мен әзіл әңгімелері оқылып, «Сол бір сүргін» кітабына байланысты көрініс қойылды, деп хабарлайды zhaikpress.kz.

Шараға ақын Ғайсағали Сейтақ пен облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әбіл Жоламанов қатысып, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин мен облыс басшылығының құттықтау хатын табыс етті.

Айта кетейік, Аманкелді Шахиннің «Сол бір сүргін» кітабы 2002 жылы жарыққа шыққан. Шығарма 1941 жылы құрылған Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауданындағы «Қазақ халқын құтқарушылар одағының»  жетекшісі Ғұбайдолла Әнесов бастаған он төрт боздақтың ерлігі туралы. 

Хабарламаларға жазылу