Ұлттық арна журналисінің Башқұртстанға сапары туралы «Башинформ» хабарлайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна журналисінің Башқұртстанға сапары туралы «Башинформ» хабарлайды

12.02.2015
Ұлттық арна журналисінің Башқұртстанға сапары туралы «Башинформ» хабарлайды

11 ақпан күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының Ресейдегі меншікті тілшісі  Нұртас Солтанұлы Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетіне келді, деп хабарлайды «Башинформ». Ұлттық арна тілшісі ШЫҰ мен БРИКС саммитіне дайындық барысы туралы репортаж жасау мақсатында Башқұртстанға арнайы барған.

Оқу ордасының баспасөз қызметі хабарлағандай, журналист онда білім алып жатқан қазақстандық  жастармен сұхбаттасып, студенттер қалашығына бас сұққан. Қазақстандық студенттер алдағы саммиттерде волонтерлер қатарында қызмет етпек.

«Нұртас Ресейде үш жылдан бері  қызмет етіп келеді, алайда Уфаға алғаш келуі. Журналист: «Қала – өте көркем, халқы да мейірімді. Қазақстан мен Башқұртстанды тарихи тамырлары ғана байланыстырмайды. Сонымен қатар, екі елдің тілдері, сырт келбеті  де ұқсас. Уфа мұнай университетінде біздің елдің көптеген мемлекет қайраткерлері білім алған»,-дейді»,-деп жазады «Башинформ».

Айта кету керек, Уфа университетінде 350 қазақстандық студент білім алуда. Университет ректорының міндетін атқарушы Рамиль Бахтизинның айтуынша, биыл Қазақстан азаматтары бакалавриатқа ғана емес, сонымен қатар магистратураға да түсе алады. «Оның үстіне біз қазақстандық ғалымдарымен тығыз байланыстамыз. Мұнай саласындағы бірқатар компаниялармен келісімшарт бар. Сондықтан, келешекте екі жаққа да пайдалы жобаларды іске асырамыз деп сенеміз», - дейді ол.

Фото:bashinform.ru

Хабарламаларға жазылу