Марғұлан Ақанның «Көктоғайдан көшкен бұлт» атты жыр жинағы жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марғұлан Ақанның «Көктоғайдан көшкен бұлт» атты жыр жинағы жарыққа шықты

12.02.2015
Марғұлан Ақанның «Көктоғайдан көшкен бұлт» атты жыр жинағы жарыққа шықты

Ақын Марғұлан Ақан «Көктоғайдан көшкен бұлт» атты тұңғыш жыр жинағымен өлеңге деген алғашқы қадамын аңдатты. Марғұланның сыршыл сезімге толы поэзиясы ұстазы Өмірхан Әбдиманұлын бейжай қалдырмады.

«Шыдашы, шеше, шыдашы,

Мен өзіңді бақытты етем

Күтіп тұр жарық шашар жақұт мекен,

Таңертең Күнің болам,

Ал, кешкісін көз іліп алса екен деп батып кетем...». Әдемі сурет, әдемі образ. Марғұлан бұл өлеңінде өзінің ойын, анасына деген мөлдір сезімін, көлгірсу емес, тұнық сезімді бала көңілмен әдемі жеткізген»,-дейді ол.

Марғұлан ақынның өлеңдерін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу