Тікелей эфир. «Ливерпуль» – «Тоттенхэм» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тікелей эфир. «Ливерпуль» – «Тоттенхэм»

10.02.2015
Тікелей эфир. «Ливерпуль» –  «Тоттенхэм»

«Тоттенхэм» командасы 24-ші турда «Арсенал» клубын жеңіп, чемпионатта 5-ші орынға көтерілді. 25-ші турда Маурисио Почеттино шәкіртері атақты «Enfield» стадионында «Ливерпульмен» сынға түседі.

«Ливерпуль» клубы соңғы 8 ойында жеңілмей, 4 матч қатарынан қақпасына мүлдем гол өткізбеді. Мамандар клубтың қорғаныстағы жақсы ойынын Мартин Шкртелмен байланыстырып отыр.

Ал, «Тоттенхэмнің» шабуылшысы Харри Кейн соңғы ойында дубль жасап, командасына жеңіс әкелген.

Сондықтан үздік қорғаныс пен тамаша үйлесімді шабуылдың текетіресін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан 11 ақпан күні (сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні) Астана уақытымен сағат 01:55-те тікелей эфирде көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу