Батыр балалар – «Әйел бақытында» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыр балалар – «Әйел бақытында»

10.02.2015
Батыр балалар – «Әйел бақытында»

Спандияр Көбеевтің «Қайырымды бала» әңгімесінде баланың сабағын жақсы білгені үшін әкесінің ақша бергені, бала оны жұмсамақ болып, базарға шыққанда жолда аш, жалаңаш, қайыршы шалды көріп, ақшасын соған бергені туралы баяндалады. Қысқа ғана әңгіме болғанымен, тағылымы мол дүние.

Қай ғасырда да қайырымды жандар көп болған. Үлкеннің үлгілі ісінен өнеге алған кейінгілер, оның ішінде ерлігімен көзге түскен балаларды ерекше айту керек.

Қазір де қара басының қамын ғана ойламай, өзгелерге де қолғабыс жасап жүргендер бар. Бейбіт күнде кеудесін оққа төсеп, адамдарды ажал аузынан құтқарған, тіпті сол жолда құрбан болған балалар жетерлік. Бүгінгі «Әйел бақытының» тақырыбы – қамқор да қайсар балалар туралы.

Хабарламаларға жазылу