Елеусіз қалған қазақ батырлары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елеусіз қалған қазақ батырлары

09.02.2015
Елеусіз қалған қазақ батырлары

Соғыс жаңғырығы жылдан-жылға алыстап барады. Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп, кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Әйтсе де, өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес.

Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір отбасының  тарихында із қалдырып кетті.

Жеңіске бір кісідей атсалысып, ерлігі елеусіз қалғандар қаншама. Ел арасын аралап, сұрастыра берсе, жетіп-артылады белгісіз батырлар.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 20.00-де «Елдің ерлігі» деректі фильмінен есімдері елеусіз қалған қазақ батырлары туралы біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу