«Көкпар». Ақтөбе мен Атыраудың шабандоздары бақ сынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көкпар». Ақтөбе мен Атыраудың шабандоздары бақ сынайды

08.02.2015
«Көкпар». Ақтөбе мен Атыраудың шабандоздары бақ сынайды

Зерттеушілердің айтуынша, қазақтың ұлттық ойындарының саны екі жүзден асады.  Соның бірі де, бірегейі ол – көкпар.  

Ойынның ерекшелігі сол, кез келген жігіт көкпар  тарта алмайды. Себебі,  алдымен күш-қайрат,  ептілік пен төзімділік керек.   Бойында күші болмаса,  ат үстінде тұрып жердегі серкені іліп әкету оңай емес. Әрі  жастар арасындағы көкпарда серкенің салмағы 20-25, ересектер арасында 30-35 келі болады. Ал мұндай салмақты көтеру үшін жігіт қайратты болуы маңызды.

Көкпаршы ойын алаңына шыққанда, біріншіден, аттың күші, екіншіден, өзінің ептілігімен серкені тақымына басады. Ол адам тәрізді  қарсылас атты итеріп, үстіндегі шабандоздың еңкейіп серкені алуына жағдай жасайды. Көкпарға қосатын аттың басы жеңіл, шоқтығы биік, төсті, шапшаң әрі ірі болуы керек.

Жігіттің де, жылқының да мықтылығы сыналар ұлттық ойынды бүгін 23.55-те Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар. Ақтөбе мен Атыраудың шабандоздарына жанкүйер болайық!

Хабарламаларға жазылу