Оңтүстік Корея дәрігерлері Астанада шеберлік сабағын өткізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Корея дәрігерлері Астанада шеберлік сабағын өткізуде

07.02.2015
Оңтүстік Корея дәрігерлері Астанада шеберлік сабағын өткізуде

Елордадағы №1 ауруханада онтүстіккореялық дәрігерлер шеберлік сабағын өткізіп жатыр. Шара Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мен Тэгу қаласының (Оңтүстік Корея) мэриясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Мақсат - денсаулық сақтау жүйесін зерттеу. Сондай-ақ, Оқу-клиникалық орталығы, Астана қаласының №1 ауруханасы және Тэгу қаласындағы «Фатима» ауруханасының арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою.

Бүгін қалалық №1 аурухана базасында «Колопроктология» және «Ортопедиялық хирургия» тақырыптары бойынша семинарлар өтті. Ертең шетелдік мамандар қалалық онкологиялық диспансер мен Оқыту-клиникалық орталықтың жұмысымен таныспақ.

Хабарламаларға жазылу