«Елдің ерлігі». Қазақстанға күштеп қоныс аударылғандар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Елдің ерлігі». Қазақстанға күштеп қоныс аударылғандар

04.02.2015
«Елдің ерлігі». Қазақстанға күштеп қоныс аударылғандар

ХХ ғасырдың 30-50 жылдары аралығында КСРО-да көптеген адамды, тіпті тұтастай халықтарды күштеп жер аудару кезеңі болды. Тоталитарлық жүйе миллиондаған азаматтардың тағдырын қиды.

Сол жылдары ұлттық мүддені қорғаған зиялылар, қарапайым еңбек адамдары жазықсыз қудаланса, кейіннен бұл саясат шекаралық аймақтағы тұтастай халықтарды туған жерінен айырып, басқа аймаққа күшпен жер аударылды.

Қазақстанға жер аударылып, көшіп келгендер соғыс кезінде және соғыстан кейінгі жылдары республика халық шаруашылығының барлық саласында еңбек етіп, оның өркендеуіне үлестерін қосты.

Бүгін 20.00-де «Елдің ерлігі» деректі фильмінің 3-бөлімінде соғыс кезінде Қазақстанға күштеп қоныс аударылғандар туралы біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу