Әділбек Ниязымбетов: Әлем чемпионатына дайындық үстіндемін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әділбек Ниязымбетов: Әлем чемпионатына дайындық үстіндемін

03.02.2015
Әділбек Ниязымбетов: Әлем чемпионатына дайындық үстіндемін

«Азия чемпионаты және қыркүйек айында өтетін Әлем чемпионатында 2016 жылғы Рио-Жанейродағы өтетін Олимпиада ойындарына  іріктеу басталады. Қазір соған дайындық үстіндемін. Көбіне Алматының тауларына барып, жаттығу жасаймыз»,-дейді ол.

Боксшылардың арасында «жазылмаған ереже» бар. Яғни, спортшы белгілі бір сайыста жеңіске жетсе, сол жейдесін келесі сайысқа киіп шығуы керек екен. Бұл – тағы бір жеңіс алып келеді-мыс.

Ал, Әділбек: «Мұндай ырымның бар екенін білемін. Алайда, менде мұндай әдет жоқ. Сене бермеймін, себебі жеңіске жету-жетпеуім бір Алланың қолында»,-дейді.

Әділбек Ниязымбетовтың шай демдеп, бос уақытында немен айналысатыны, басқа қандай спорт түрін ұнататынын білгіңіз келсе, «Таңшолпанды» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу