Кәсіпкерліктің бүгінгі ахуалы қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерліктің бүгінгі ахуалы қандай?

02.02.2015
Кәсіпкерліктің бүгінгі ахуалы қандай?

Бүгінде мемлекет экономиканы тұрақтандырудың негізгі бағыты ретінде кәсіпкерлікті дамытуға барынша қолдау көрсетіп отыр. Оған «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы және басқа да салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуы дәлел.

Сондай-ақ, Елбасы жыл сайын халыққа арнаған Жолдауларында бизнесті қолдау керектігін айтып, тиісті міндеттемелер мен тапсырмалар беріп келеді.

Қазіргі таңда кәсіпкерлер өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше мән берсе, мол мүмкіндіктерге ие болары анық. Осы мүмкіндіктерді пайдалану және міндетті орындауда жас кәсіпкерлердің алатын өзіндік орны бар.

Жастар бизнеспен айналысу кезінде қаржылық, ақпараттық, білім, инфрақұрылымдық және басқа да көптеген мәселелерге кезігеді. Бұл жағдайларды қалай оңтайландыруға болады?

Жалпы, кәсіпкерлерге толық мүмкіндік жасалып жатыр ма? Кәсіпкерліктің бүгінгі ахуалы қандай?

Бұл сұрақтарға бүгін 17.50-де «Өзекжарды» хабарында ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев жауап береді.

Хабарламаларға жазылу