Қазақстанның барлық аумағында аязды ауа райы сақталады. Еліміздің оңтүстік өңіріндегі жекелеген аудандарда аздап қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды gismeteo.
Қазақстанның орталығында көшпелі бұлт жүріп, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы күндіз −21...-25°C, түнде −27...-32°C.
Солтүстік өңірде де көшпелі бұлт жүріп, жауын-шашын болмайды. Күндізгі ауа температурасы −18...-23°C, ал кей жердерде −25...-27°C-қа дейін жетеді. Түнде −23...-28°C, Павлодар облысында −32...-35°C.
Шығыс Қазақстанда көшпелі бұлт жүріп, жауын-шашын болмайды, дейді синоптиктер. Ауа температурасы күндіз шамамен −28...-31°C, түнде −33...-37°C-қа жетеді.
Республиканың оңтүстік облыстарының көп бөлігінде жауын-шашын болмайды. Тек Алматы мен Жамбыл облыстарында қар жауып, тұман түсуі ықтимал. Күндізгі ауа температурасы −9...-12°C, кей жерлерде −13...16°C, ал Оңтүстік Қазақстан облысында −5...-8°C болмақ. Аймақтағы түнгі температура −12...-15°C, кей жерлерде −17...-19°C.
Батыс Қазақстанда жауын-шашын жаумайды, ала бұлтты. Маңғыстау облысында екпінді желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында күндізгі ауа температурасы −18...-22°C, кей жерлерде −25°C. Түнде −22...-27°C, ал Ақтөбе облысында −30°C-қа жетеді. Атырау облысында күндіз −8...-10°C, түнде −14...-16°C, Маңғыстау облысында күндіз −2...-5°C, түнде −8...-10°C.