Латиф Қазбеков – бейне мен табиғат тылсымын үйлестірудің шебері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Латиф Қазбеков – бейне мен табиғат тылсымын үйлестірудің шебері

23.01.2015
Латиф Қазбеков – бейне мен табиғат тылсымын үйлестірудің шебері

Кескіндемеші, суретші Латиф Қазбеков – әлемдік көркемсурет кеңістігінде өзіндік қолтаңбасы бар қылқалам шебері. Ол көпшілікке бейне мен табиғат тылсымын үйлестірудің шебері ретінде танылған дарын.

Нәзік иірімдермен ерекшеленетін оның туындыларында көбіне Шығыс, Ресей және Батыс Еуропа мәдениетінің үрдістері  ұштасып жатады. Суретші өзінің шығармашылығын балаларға арналған кітаптарға иллюстрация салудан бастап,  әлем халықтарының ертегілері мен өлеңдеріне жан бітірді.

Өскелең ұрпақтың кітапқа қызығушылық сезімін оятып, ақ пен қараның, жақсылық пен жамандықтың ара-жігін ажырата білуге үйретті.

«Ресейде өмір сүрсем де, бүйрегім атажұртыма, кіндік қаным там­ған жеріме, Қазақстаныма бұрып тұ­рады. Елімді, жерімді аңсаймын»,-дейді ол.

Суретшінің қазақстандық әріптестерінің туындыларына, қазақстандық көрмеге келушілер туралы не айтары бар? Қылқалам шебері  17.50-де «Өзекжарды» хабарында қонақта.

Хабарламаларға жазылу