«Түнгі студияда» - Қайрат Баекенов және «Формат» тобы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - Қайрат Баекенов және «Формат» тобы

22.01.2015
«Түнгі студияда» - Қайрат Баекенов және «Формат» тобы

«Нұрлы ғалам, сырлы ғалам.

Құдіретіңе ғажайып жетер ме баға?»,-деп басталатын ән жолдары бүгінде үлкен-кішінің аузында.

Бұл – әнші Қайрат Баекенов пен «Формат» тобы шырқайтын «Махаббат» әні. Қайрат Баекенов анасынан алдымен домбыра шертуді үйренеді. Кейін өзінің әншілігін де жетілдіре бастайды. Ол ең алғаш рет сыныптық кештердің бірінде ән салады.

Осыдан соң Қайрат мектеп қабырғасында өтетін шаралардың ешқайсысынан шет қалмайды. Мектеп бітірісімен, Жезқазған музыка колледжіне домбыра сыныбына оқуға түседі. Кейін «Жас қанат», «Шабыт» байқауларына да қатысады.

2007 жылы әншінің «Қайрат Баекенов – ол мен» атты кеші өтеді. Бүгінде көрерменге сырлы әндер сыйлап жүрген әнші «Формат» тобымен тығыз шығармашылық байланыста. Өнерпаздар бүгін  23.30-да «Түнгі студияда» қонақта.

Хабарламаларға жазылу