Елордада алдағы күндері аяз болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада алдағы күндері аяз болады

22.01.2015
Елордада алдағы күндері аяз болады

Астанада алдағы күндері аяз тұрып, ауа температурасы кей жерлерде -34°С дейін төмендейді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Елордада күндіз қарлы боран болып, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20°С, күндіз 15-17°С суық болады.

Синоптиктердің болжамынша, ертең елордада көшпелі бұлт шығып, түнде аздап  қар жауады. Боран соғып, түнде желдің ұйытқуы 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -22-24°С болып, күндіз ауа температурасы төмендейді деп күтілуде.

24 қаңтарда күндіз ауа температурасы 26-28°С болса, түнде -32-34°С аяз болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с жетеді.

Хабарламаларға жазылу