Қазақстандық делегация Берлиндегі Дүниежүзілік азық-түлік және ауыл шаруашылығы форумына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық делегация Берлиндегі Дүниежүзілік азық-түлік және ауыл шаруашылығы форумына қатысты

20.01.2015
Қазақстандық делегация Берлиндегі Дүниежүзілік азық-түлік және ауыл шаруашылығы форумына қатысты

Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сапархан Омаровтың жетекшілігімен Қазақстанның үкіметтік делегациясы Германия астанасы Берлинге жұмыс сапарымен барды. Олар «Жасыл апта» халықаралық жәрмеңкесі шеңберінде өтетін дәстүрлі Дүниежүзілік азық-түлік және ауыл шаруашылығы форумына қатысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты хабарлайды.

Форумда азық-түлік, тағам өндірісі, ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіптің даму секторларының қауіпсіздігіне қатысты мәселелер талқыланды.

Қазақстандық делегация Берлинге сапарында Германияның азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігінің үкіметтік статс-хатшысы Роберт Клоспен, Моңғолияның ауыл шаруашылығы министрі Радиа Бурмаамен кездесті. Сонымен қатар, «GWE-Group», «CLAAS» неміс компанияларының басшыларымен ынтымақтастықты тереңдету мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.

Хабарламаларға жазылу