Саулюс Ширмялис: Бірінші міндет – топтан шығу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саулюс Ширмялис: Бірінші міндет – топтан шығу

16.01.2015
Саулюс Ширмялис: Бірінші міндет – топтан шығу

Бас бапкер Саулюс Ширмялис қазақстандық журналистерге сұхбат беріп, халықаралық турнирдегі жоспарларымен бөлісті.

«Бірінші міндет – топтан шығу. Әрі қарай қарсылас пен біз көрсеткен ойын өрнегіне байланысты. Мен үшін топтағы Тәжікстан мен ОАР құрамалары жұмбақ. Олар бойынша ақпарат мүлдем жоқ. Дегенмен, Литва футболшылары бойынша мәліметтер жеткілікті. Бірінші ойын шешуші болмақ.

Біздің команда жаңа футболшылардан жасақталды. Тек қана тоғыз күн жаттығу жүргізгенін түсіну керек. Өткен жылы барлық футболшылар Премьер-Лигада ойнады. Ал, биылғы құраманың 5-6 футболшысы ғана Қазақстан чемпионатында тәжірибесі бар.

Еске сала кетейік, Қазақстан жастар құрамасы Достастық Кубогында Тәжікстан, Литва және ОАР құрамаларымен бір топта кездеседі.

Хабарламаларға жазылу