«Евровидение-2015» халықаралық балалар байқауы Болгарияда өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Евровидение-2015» халықаралық балалар байқауы Болгарияда өтеді

16.01.2015
«Евровидение-2015» халықаралық балалар байқауы Болгарияда өтеді

Болгарияның ұлттық телеарнасы Еуропаның радио және теледидар одағынан «Евровидение» халықаралық музыкалық балалар байқауын ұйымдастыру туралы ресми ұсынысын алды.

Телеарна қызметкерлерінің хабарлауынша, аталмыш ел бұл мүмкіндікке 2014 жылы Мальтада 10 жасар Крисия Тодорова мен екінші орын алған егіздер Хасан мен Ибрахим Игнатовтардың тамаша өнер көрсетулерінің арқасында қол жеткізген.

«Евровидение-2015» балалар байқауы тарихындағы 13-ші байқау болмақ, Болгария оның төртеуін өткізген.

Хабарламаларға жазылу