
БАҚ саласында жұмыс істейтін әйелдердің халықаралық қоры (International Media Foundation) фотожурналистика бойынша Аня Нидрингхаус атындағы жүлдеге байқау жариялады.
Жүлде фотожурналистика саласында ерен еңбек етіп, батылдық көрсеткен әйелдерге табыс етілмек.
Байқау шарты бойынша үміткерлер жұмыс стилін көрсететін алты фотосурет жіберуі тиіс.
Сондай-ақ, араб, ағылшын, орыс, француз, испан тілдерімен қатар, өзге де тілдерде жұмысын таныстыруы қажет.
Айта кетейік, жүлде 2014 жылдың сәуірінде Ауғанстанда қаза тапқан неміс фотографы Аня Нидрингхаустің құрметіне беріледі.
