Павлодарда облыстық олимпиада жеңімпаздары ЖОО-да тегін білім алу грантына ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда облыстық олимпиада жеңімпаздары ЖОО-да тегін білім алу грантына ие болды

13.01.2015
Павлодарда облыстық олимпиада жеңімпаздары ЖОО-да тегін білім алу грантына ие болды

Павлодар облыстық олимпиада жеңімпаздары ЖОО-да тегін білім алу грантына ие болды, деп хабарлады Білім басқармасының маманы Балжан Әділханова.

Железин ауданы №3 мектебінің оқушысы Темірлан Сүттібаев және Павлодар қаласы №22 мектебінің оқушысы Айым Мұхтарханова С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде тегін білім ала алады.

Ақсу қаласының мамандандырылған гимназия оқушысы Әлібек Қабылда және Шарбақты ауданының Чигириновка ауылының оқушысы Назарбай Жиналхан Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының гранттарын ұтып алды.

15 пән бойынша Павлодарда өткен облыстық олимпиадаға 9-11 сынып аралығындағы 708 оқушы қатысты. Интеллектуалды жарыстың қорытындысы бойынша 73-і жеңімпаз атанса, 240-ы 2 және 3-дәрежелі  диплом иегері атанды.

Жаратылыстану-математика бағыты бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда-2015» аталымында  дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейі І орынға ие болды.

Гуманитарлық бағыт бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда-2015» аталымында дарынды балаларға арналған  №3 гимназия жеңімпаз атанды.

Хабарламаларға жазылу