Автоорындық мәселесіне қатысты ІІМ өкілі түсініктеме берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Автоорындық мәселесіне қатысты ІІМ өкілі түсініктеме берді

12.01.2015
Автоорындық мәселесіне қатысты ІІМ өкілі түсініктеме берді

Жыл басынан бері көп талқыланған автоорындық мәселесіне қатысты бүгін ІІМ-нің өкілі түсініктеме берді. Мекемеге қарасты Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеханың айтуынша, автоорындық тек емізулі балаларға арналған құрылғы.

Ал, 12 жасқа толмаған балалар қорғаныс құрылғылармен қамтылса, сол жеткілікті. Мұндай қорғаныс белбеулер елімізде 1000 теңгеден аспайды, деп атап өтті Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуі бойынша, балаларға арналған қорғаныс құрылғылар нәрестелер арасындағы өлім-жітімді 71 пайызға төмендетеді. Ал, одан жасы үлкендеу балалардың арасында 64 пайызға кемітеді.

 

Хабарламаларға жазылу