Шағын бизнес субъектілері үшін айыппұлдар көлемі 50 пайызға төмендеді - З.Баймолдина - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын бизнес субъектілері үшін айыппұлдар көлемі 50 пайызға төмендеді - З.Баймолдина

12.01.2015
Шағын бизнес субъектілері үшін айыппұлдар көлемі 50 пайызға төмендеді - З.Баймолдина

Жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты айыппұл мөлшері 50 пайызға төмендетілді, деп хабарлады ҚР Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина.

«Бұрын шағын және орта кәсіпкерлер бірдей көлемде айыппұл төлесе, енді шағын кәсіпкерлерге салынған айыппұл орта кәсіпкерлермен салыстырғанда 50 пайызға азаяды», - деді З.Баймолдина.

Сонымен қатар, оның айтуынша, шағын және орта бизнес субъектлері құқық бұзған жағдайда жауапкершілік деңгейінің түрлі дәрежесі қарастырылған. 

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу