Астанада әскери оркестрлердің халықаралық фестивалі өткізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада әскери оркестрлердің халықаралық фестивалі өткізілмек

10.01.2015
Астанада әскери оркестрлердің халықаралық фестивалі өткізілмек

ҚР ҚК Әскери-оркестрлік қызметінің бастығы, майор Тимур Жартыбаев «2015 жыл қазақстандық әскери музыканттар үшін жоспарларға толы. Қазіргі уақытта Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық жүруде. Жылсайынғы «Астана самалы», Мәскеуде өтетін «Спасская башня» фестивалінде өнер көрсетпекпіз.

Сонымен қатар, Астанада әскери үрмелі оркестрлердің І Халықаралық фестивалін өткізу туралы бастама көтеріп отырмыз», - деп хабарлады.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 23 әскери оркестр жұмыс істейді.

Хабарламаларға жазылу