Елордада «Қамқорлық» республикалық акциясы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Қамқорлық» республикалық акциясы өтеді

10.01.2015
Елордада «Қамқорлық» республикалық акциясы өтеді

Астанада 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» республикалық акциясы өтеді. Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы хабарлады.

Ацияның мақсаты – тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан,  жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ, әлеуметтік қолдауды қажет ететін балалардың басқа санаттарына әлеуметтік көмек көрсету.

Акцияның басым міндеттерінің бірі – оқушылардың сабаққа бармауының себебін анықтау, материалдық жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін іс-шараларды өткізу, қазақ қоғамын аз қамсыздандырылған және тұрмысы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсетуге шақыру.

Айта кетейік, акция аясында 2014 жылы 23 913 269 теңге жиналып, әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға көмек көрсетілген.

Хабарламаларға жазылу