Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
« EXPO - ел беделі. Ол әлемдік ірі мемлекеттермен бірге адамзатты толғандыратын мәселелерді талқылау мүмкіндігін береді. Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтетін халықаралық көрме көпшіліктің қызығушылығын арттырып отыр», делінген хабарламада.
«Қазақстан. ЭКСПО-дан үш жыл бұрын» туындысы көрменің жоғары деңгейде өтуі үшін ұйымдастырушылардың атқарып жатқан шаралары, елімізге әкелер пайдасы туралы деректерді қамтыған.
Фильмнің тұсаукесері таяуда республикадағы жетекші телеарналар эфирінен көрсетілмек.