М.Мәметова атындағы Ақтөбе медицина колледжінің студенті Ақілгек Мырзабайқызы Facebook әлеуметтік желісінде ұйымдастырылған жас ақындар айтысында бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды aktobegazeti.kz.
Шараға 30-ға жуық ақын қатысқан. Айтысқа белгілі ақындар - Ербол Бейілхан, Алмас Темірбай, Сәкен Алдашбаевтар қазылық етті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты - ұлтымыздың төл өнерін насихаттауға үлес қосу.
«Әлеуметтік желіде осындай шаралар жиі ұйымдастырылса, жастар шығармашылығын шыңдауға құлшынар еді», — дейді жас ақын Ақілгек Мырзабайқызы.