Медиаапталық аясында тегін семинарлар, лекциялар өтеді. Олар әлеуметтік және мобилді медиа саласындағы соны үрдістерге арналмақ. Іс-шара әлем бойынша 13 қалада өткізілмек.
Атап айтқанда, Бангалор, Үндістан; Джакарта, Индонезия; Копенгаген, Дания; Гамбург, Германия; Лагос, Нигерия; Милан, Италия; Нью-Йорк, АҚШ.
Осы жылғы іс-шара тақырыбы – Вертикальді мобильділік: Байланыстағы класстың пайда болуы(Upwardly Mobile: The Rise of the Connected Class).
Қызығушылық танытқан журналистерге онлайн көруге мүмкіндік бар. Жыл сайын өткізілетін шараға 60 000-ға жуық адам қатысады. Ал, жарты миллионнан астам көрермен онлайн немесе мобилді құрылғылар арқылы бақылайды.
ijnet.org