Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі арқылы «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» бағыты бойынша «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы арқылы жалға берілетін тұрғын үйлерді сатып алуға құжаттарды қабылдау басталды, деп хабарлайды Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Құжаттарды қабылдау Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, 122-кабинет мекенжайы бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік бағдарлама аясында облыс орталығында 34 пәтерлік Толстой көшесіндегі 96-үй және 52 пәтерлік Толстой көшесі 107-үй қолданысқа берілмек.