Танымал журналистің кітабы оқырманға жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Танымал журналистің кітабы оқырманға жол тартты

08.01.2015
Танымал журналистің кітабы оқырманға жол тартты

Қазақ журналистикасының танымал тұлғаларының бірі, тележурналист, қаламгер Арман Сқабылұлының «Өкпелемеші» атты кітабы жарыққа шықты.

Кітаптың  «Бал-дәурен», «Ауыл хикаялары», «Курстастар», «Төртінші жұрт», «Көрген -түйген», «Фейсбуктегі жазбалар» атты бөлімдерінде автор өмірде  көрген білген, көңілге түйгендерімен бөліседі.

Автордың кітапқа енген барлық дерлік туындылары «Фейсбук» әлеуметтік парақшасында осыған дейін жарияланған.

Қаламгердің бұл қадамы  қазіргі заманғы ғаламтордың шексіз мүмкіндігін қазақша сөйлетуден туған ізденістердің қарлығашы екені даусыз.

Кітаптың алғысөзін жазған белгілі журналист, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының шығармашылық жөніндегі орынбасары Қайнар Олжай.

Біздің анықтама:

Арман Сқабылұлы 1965 жылы 23 ақпанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қаратоған ауылында дүниеге келген.

1989 жылы Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.

Әр жылдары «Жетісу», «Азия» басылымдарында, «Атамекен Одағы» Ұлттық экономикалық палатасында жұмыс істеді.

Сонымен қатар, «Хабар» телеарнасының «Жеті күн» ақпараттық-сараптама бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі, «Ел арна» директоры қызметтерін атқарды.

 Қазір «Хабар» телеарнасы бас продюсерінің орынбасары.

«Азамат» орденінің, «Астана» медалінің иегері. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

Хабарламаларға жазылу