9 қаңтарда «Астана Опера» театрының Камералық залының сахнасында «Қыс, бәрі қайтадан алғашқыдай…» атты концерт өтеді.
Концертте ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, сопрано Жаннат Бақтай, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, меццо-сопрано Дина Хамзина, халықаралық байқаулардың лауреаты, тенор Мейір Байнешов, баритон Евгений Чайников, Aalto-Musiktheater солисі, бас-баритон Бауыржан Әндіржанов өнер көрсетеді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлайды.
Әншілер түрлі стильдің ариялары мен дуэттерін шырқайды. Сондай-ақ, концертте қазақ және шетел композиторларының шығармалары орындалмақ.