Дәстүрлі қазақ қоғамында кейде жол-жоралғы жасап, қалыңмал беруге шамасы келмейтін жігіт ұнатқан қызын өзара уағдаластықтан кейін алып қашатын болған.
Екі жастың ата-аналары арасында келісім болмаған және қызды еркінен тыс алып қашқан жағдайда соңы үлкен дауға ұласып, жігіт жағы айып төлеуге тиіс болған.
Қазір де қызды келісімінсіз алып қашу қылмыс саналады. Заң бойынша 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.
Қыз алып қашқандар мен алып қашудың құрбаны болғандар бүгін «Айтуға оңай...» ток-шоуында қонақта.
21.05-те Ұлттық арнадан көре аласыздар.