«Айтуға оңай...» ток-шоуы «Қазақ фотоөнері» тақырыбында сөз қозғамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...» ток-шоуы «Қазақ фотоөнері» тақырыбында сөз қозғамақ

06.01.2015
«Айтуға оңай...» ток-шоуы «Қазақ фотоөнері» тақырыбында сөз қозғамақ

Қазақтан шыққан тұңғыш фотограф - Шәңгерей Бөкеев. Атақты классик жазушы Ғабиден Мұстафиннің ұлы Қайрат Мұстафин де қазақ  фотоөнерінің дамуына үлес қосқан тұлға.

Фотоөнер - ерекше қабілет пен ұшқыр қиялды талап етеді. Көздің жауын алатындай, биік талғамға сай сурет түсіру - машақаты мол жұмыс.

«Балтық елдерінде фотоөнерге қатысы бар адамдар мемлекеттік сыйлықтың иегері», - дейді фотограф  Асылхан Әбдірайым.

Қазақ фотожурналистеріне жасалып жатқан жағдай, көрсетіліп жатқан қолдау қаншалықты?

Бүгін, 21.05-те Ұлттық арнадан көріңіз!

Хабарламаларға жазылу