2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жол-патрульдік полиция қызметінің мамандары көлік дөңгелегінің сапасын тексеруге құқылы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жол-патрульдік полиция қызметінің мамандары көлік дөңгелегінің сапасын тексеруге құқылы

01.01.2015
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жол-патрульдік полиция қызметінің мамандары көлік дөңгелегінің сапасын тексеруге құқылы

Кеден одағына мүше елдер қабылдаған жаңа техникалық регламентке сәйкес, жаңа жылдың қаңтар айынан бастап - Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінде тұратын көлік иелері көліктерінің доңғалағын жылдың маусымына (қыс, жаз) байланысты дер кезінде ауыстырып тұруға міндетті болды.

Жол-патрульдік полиция  қызметі мамандарының айтуынша, Кеден одағының жаңа техникалық регламенті бойынша қыс айларында - жазғы доңғалақтарды, керісінше, жаздыгүні «шегесі» бар қысқы доңғалақтарды пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынып, Заң бұзғандар қатаң түрде жазаланатын болады. Сондай-ақ, доңғалақтың бұдырының (протекторы) қаншалықты қалғандығына байланысты шектеу қойылмақ.

Мысалы, жазғы доңғалақтың бұдырының тереңдігі кем дегенде - 1,6, ал қысқы доңғалақтың бұдыры 4 миллиметр болуы тиіс. Доңғалақ бұдырының талапқа сай келетін-келмейтінін МАИ қызметкері бастапқыда көзбен қарап, анықтайды. Егер көлік жүргізушісі жол-патрульдік қызметі маманының пікірімен келіспеген жағдайда, доңғалақ бұдырының тереңдігін қарапайым тәсіл -сызғышпен өлшеп, дәлелдеуге болады. Жалпы алғанда, көлік доңғалағының маусымға сәйкес келмеуі көліктің техникалық талапқа сай келмейтіндігін көрсетеді.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу