Баянауыл ауданында «Қуаныш» балабақшасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баянауыл ауданында «Қуаныш» балабақшасы ашылды

01.01.2015
Баянауыл ауданында «Қуаныш» балабақшасы ашылды

Жаңа жыл қарсаңында Баянауыл ауданында «Қуаныш» балабақшасы ашылды, деп хабарлайды аудан әкімінің ресми сайты.

Мемлекеттік тілде білім мен тәрбие беретін әлеуметтік нысан 50 балаға шақталған.

Балабақшаның салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Нұрлан Күлжан, өңір жұртшылығы  және  ардагер ұстаздар мен  ата-аналар қауымы қатысты.

Нұрлан Мұқатайұлы және нысан құрылысымен айналысқан «Строитель-Екібастұз» ЖШС-нің директоры Валерий Ищенко аудан халқының қуанышына ортақтасып,  балабақшаның кілтін мекмепке дейінгі білім беру мекемесі директордың міндетін атқарушы Мархабат Акошеваға тапсырды.

Хабарламаларға жазылу