Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев БАҚ арасындағы байқаудың жеңімпаздарын марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев БАҚ арасындағы байқаудың жеңімпаздарын марапаттады

30.12.2014
Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев БАҚ арасындағы байқаудың жеңімпаздарын марапаттады

Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы республикалық және өңірлік деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездескен аймақ басшысы Қанат Бозымбаев журналистерге ақшалай сыйақы мен дипломдар табыс етті. «Үздік видео, аудиоматериал» аталымы бойынша бірінші орынға «Хабар» телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі Салауат Игіліков ие болса, «Үздік жарияланым» аталымы бойынша бірінші орын облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің тілшісі Ирина Волковаға бұйырды. «Үздік ақпараттық хабарлама және ғаламтор жарияланымы» аталымы бойынша марапатталған «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінің облыстағы меншікті тілшісі Вера Ливинцова. Облыстық «Сарыарқа самалы» газеті бас редакторының орынбасары Мұрат Аяғанов екінші орынды еншіледі. Сондай-ақ, «Pavlodarnews.kz» ақпараттық агенттігінің тілшілері де Светлана Воронова және Ақмарал Есімханова жүлделі орындарға ие болды.

Журналистерді марапаттаған өңір басшысы БАҚ өкілдеріне облыстағы жаңалықтарды бұқараға жедел жеткізу бойынша атқаратын жұмыстарына алғысын білдірді.

Хабарламаларға жазылу