Мемлекет басшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады

29.12.2014
Мемлекет басшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады

И.Тасмағамбетов кездесу барысында Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен келер жылғы міндеттері туралы баяндады.

Мемлекет басшысы Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін әрі қарай жетілдіру мен елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытудың маңыздылығына назар аударды.

Қорғаныс министрі сондай-ақ, Қазақстан армиясын заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтау жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

 

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу