«Астана» велокомандасы «Dubai Tour-2015» көпкүндігіне қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» велокомандасы «Dubai Tour-2015» көпкүндігіне қатысады

29.12.2014
«Астана» велокомандасы «Dubai Tour-2015» көпкүндігіне қатысады

Халықаралық велошабандоздар одағының Азия туры күнтізбесіне енген жарыс 2015 жылдың 4-7 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Дубайда өтеді, деп хабарлайды velolive.com.

Көпкүндікке 16 команда қатысады, оның ішінде Әлемдік турдың 10 ұжымы бар. Бұл тізімге қазақстандық «Астана» велокомандасы да енді. Әр командада 8 спортшы болады.

Жарыс Дубай кеңесі мен Джиро д’Италия додасын ұйымдастырушысы RCS Sport компаниясының әріптестігінің аясында өтеді. 

Еске сала кетейік, 2014 жылдың ақпанында Дубай туры алғашқы рет ұйымдастырылып, BMC  командасының америкалық велошабандозы Тэйлор Финни жеңіске жеткен еді.  

Хабарламаларға жазылу